Облыс баспасөзінің құрметті ардагерлері, барша журналистер қауымы және оқырмандар! Облыс баспасөзінің қара шаңырағы – «Ақ жол» газетінің алғашқы санының жарыққа шыққанына 2017 жылдың 1 мамырында 95 жыл толады. Бір ғасырға жуық уақыт оқырмандардың көзайымына айналып келе жатқан өңір басылымының атауы әр жылдары «Кедей еркі», «Еңбек», «Колхозшы», «Колхоз жолы», «Коммунист», «Сталиндік жол», «Еңбек туы», ал ел Тәуелсіздігі қарсаңынан бастап «Ақ жол» болып өзгергенін оқырмандарымыз жақсы біледі. Өзінің 95 жылдық мерейтойы қарсаңында редакция басшылығы бірқатар жобаларды қолға алуда. Соның бірі – газет шежіресінен сыр шертетін суретті кітап шығару ісі. Сондықтан «Ақ жол» газетінің ардагерлері, олардың туған-туыстары мен жақын таныстары, осы басылымда жұмыс істеген марқұмдардың отбасы мүшелері өздерінде сақталған естелік суреттер болса, редакцияға әкеп берсе немесе хабарласса, игілікті іске атсалысқандары үшін рахмет айтқан болар едік. Кезінде одаққа, республикамызға белгілі қоғам, білім, ғылым, өнер және спорт қайраткерлері мен ақын, жазушылардың «Ақ жолдың» қонақжай шаңырағына ат басын бұрып, әңгіме-дүкен құрған кездері де аз болмаған. Сондай сәттерде түсірілген суреттер газет ардагерлерінің отбасылық альбомдарда сақталуы да әбден мүмкін. Біз үшін осындай әрбір естеліктер құнды болмақ. Әлбетте, суреттің түпнұсқасы иесіне қайтарылып беріледі. Облысымыздың басты басылымының мерейтойына орай шығарылатын сурет-кітапты жасауға бәріміз бірдей атсалысайық, ағайын!
Біздің мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №5 үй, Баспасөз үйі. Байланыс телефондары: 8 (7262) 43-17-07, 43-32-50. Электрондық пошта: ak-jol-taraz@rambler.ru
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді