Бірер күнде жаңа – 2017 жылдың күнтізбесінің алғашқы парағын ашамыз. Әрбір жаңа күннен жақсылық күтетін көпшілік бұл мерекені де көруге асығулы. Әсіресе, балалар күн санап жүр. Өйткені, періште көңілді балғындардың қиялы жүйрік.
Облыс әкімінің балаларға арналған жаңажылдық шыршасына шақырылған балалар бір сәтке ұшқыр қиялына қанат біткендей, шат-шадыман күйде еді. Олардың осы бір шаттықты думанды, аппақ армандарын ешнәрсеге айырбастағысы келмегені анық. Мерекелік шараның Тараз қаласының Көне Тараз кешеніндегі сән-сәулеті ерекше «Достық» үйінде өтуінің өзі жас жеткіншектерге айрықша әсер еткен. Өңіріміздегі 100-ге жуық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балалар мен оқуда озат, спорт пен шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды оқушылар шамдары көз қарықтырған шыршаны айнала ән салып, Аяз атаның келуін тағатсыздана күтті. «Жаңа жылдың таңғажайып оқиғасы» атты үздік балалар шығармашылығы ұжымы ұсынған театрландырылған көріністі тамашалады. Жаңа жыл әнін шырқады.
Балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келген облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев оларға жаңажылдық сыйлықтар үлестірді. Кеш барысында барлық балаға облыс әкімінің құттықтау хаты мен сыйқалталар табыс етілді.
Облыс әкімінің шыршасына қатысуға Талас ауданынан бес оқушы келіпті. Соның бірі – Тамды ауылы Қойгелді орта мектебінің 7-сынып оқушысы Аяна Еркін мерекелік шарадан алған әсерімен бөлісті. – Біз Аяз ата келгенше Ақшақар бастаған ертегі кейіпкерлерімен бірге таңғажайып ертегілер әлеміне саяхат жасадық. Таңғажайып әлемге жасаған сапарымызда бізге сиқырлы қоңырау көмектесті, су патшасы, аңшы, аю, өзге ғаламшарлық секілді көптеген ертегі кейіпкерлері жол сілтеп отырды. Тура ертегілер әлеміне тап келгендей болдық. Жаңажылдық шыршадан алған әсерім өзгеше. Себебі, облыс әкімінің шыршасына бірінші рет қатысып тұрмын. Соның арқасында облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, қазақ драма театрындағы жаңажылдық театрлан-дырылған қойылымды тамашаладық. «Тараз-Арена» спорт кешені мен Көне Тараз кешенін аралап көрдік, – дейді ол.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді