«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әдептен озбайық

Әдептен озбайық
ашық дереккөз
Әдептен озбайық

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиевтің және Байзақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д.Сұлтанбековтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралары туралы есептері тыңдалып, мемлекеттік қызмет заңнамасын және әдеп нормаларын қаншалықты сақтап отырғаны сөз болды. Сондай-ақ, аудандардағы тәртіптік комиссияның жұмысы баяндалды. Д.Сұлтанбековтің айтуынша, ағымдағы жылы Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның жоспарлы 3 отырысы өткізіліпті. Жиында сыбайластыққа жол бергендердің мәселесі қаралған. – Үстіміздегі жылы жер телімдерін заңсыз беру фактісі бойынша тағы 100-ден аса дерек анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстағы департаменті Қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-бөлігінің «а», «г» тармақтарына, 235-бабының 2-бөлігіне, 307-бабының 2-бөлігіне және 314-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұрынғы қылмыстармен біріктіре отырып, қылмыстық істі қайта қозғады. Қылмыстық іс бойынша Байзақ аудандық сотының 2016 жылғы 18 тамыздағы үкімімен Д.Сумелиди 8 жыл 6 айға, А.Момынжанов 5 жыл 6 айға және К.Құралбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы, осы жылы ауданда 94 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның 75-іне ескерту, 7-еуіне – сөгіс, 8-іне – қатаң сөгіс, екеуіне – қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, екеуіне – мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді. 94 қызметшінің 16-сы департамент ұсынысы негізінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған, – деді Байзақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы өз есебінде. Жиында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Е.Көшербаев облыс бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үйлердің тұрғын жай қоры туралы баяндап, облыс әкімдігінің білім басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы қаралды. Аталған басқарманың басшысы С.Құрманбекованың есебі тындалды.

Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар