«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Акция жеңімпазына автомобиль кілті тапсырылды

Акция жеңімпазына автомобиль кілті тапсырылды
ашық дереккөз
Акция жеңімпазына автомобиль кілті тапсырылды

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ведомство төрағасы Ардақ Теңгебаев «Чекті талап ет  сыйлықты ұтып ал!» акциясының жеңімпазы Равиль Хайрулинге автомобильдің кілтін тапсырды.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы 23 желтоқсанда Мемлекеттік кірістер комитетінде «Чекті талап ет  сыйлықты ұтып ал!» акциясы бойынша ақтық сын өтті. Онда Петропавл қаласының тұрғыны Равиль Хайрулиннің 2016 жылғы 22 қазанда жіберген чегі жеңімпаз деп танылды. Бүгін ол жұбайымен Петропавл қаласынан «Атамекен» ҰКП бизнес қауымдастығы атынан ұсынылған ұтысы Chevrolet маркалы автокөлікті алып кетуге келді. Хайрулин 596 теңге көлеміндегі чек оған шын мәнінде бақытты болғаны және  акцияға қатысуы мен  жеңіске жетуі жайлы мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, бұл акция басталғаннан бері қатысып келеді. Ең бірінші түбіртекті 2016 жылдың 4 қазанында жіберген. Акция аяқталған уақытқа дейін 89 түбіртек жолдаған.  «Чекті талап ет  сыйлықты ұтып ал!» акциясын МКК мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өткізген болатын. 27 мыңдай қазақстандық акцияға қатысып, «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына 1,5 млн. аса фискалды чек жіберген. Айта кетерлігі, акция өткен екі жарым ай ішінде республика бойынша 120-дан аса құнды жүлде ұтысқа салынды, оның ішінде тұрмыстық және оргтехника, байланыс құралдары мен ыдыс-аяқ бар. Чектердің ең көп санын Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары жіберген. Аталған акция осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Ол келесі жылы да өз жалғасын табады.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар