Янтарь тасынан динозаврдың құйрығы табылды
Жылдар бойы ізденуден жалықпайтын ғалымдар тағы бір елеулі жаңалыққа тап болды.
Осыдан бірталай жыл бұрын сүйектері шіріп кеткен динозаврлардың қалдығы табылды. Бұл жолғы қалдық сіз ойлағандай сүйек немесе қаңқа емес. Янтарь тасының ішінен шыққан құйрықтың бір қылшығы ғана. Бұл жағдай Мьянмадағы асыл тастар сататын базарда болды.
Чинг Лида есімді қытай саяхатшысының сатып алған янтарь аталатын асыл тасының ішінен осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген динозавр құйрығының қылшығы табылды. Ал ғалымдардың айтуынша, бұл сақталған құйрықтың қылшығына 99 миллион жыл болуы мүмкін. Аталған құйрық кішкентай ғана целурозаврге тән. Ал оның үлкендігі қазіргі кездегі нар түйенің көлеміндей ғана. Құйырықтың өмір сүру жылына қарай суретшілер оның өзін де салып шықты. Айта кету керек, бұл жаңалық ғалымдар үшін күтпеген жай болды. Бүгінгі күнге дейінгі жаңалықтардың алды және ең біріншісі болып отыр. ![src=]()
ақпарат көзі: massaget.kz.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




