Робот-жазушы әдеби байқаудың ақтық мәресіне шықты
Заман ағымымен заманауи технология саласы да сондай жылдамдықпен дамып келеді.
Бұрындары роботқа таңғалсақ, бүгінде оның қабілеттеріне қарап бас шайқайсыз. Неге? Себебі, болашақта жазушылық өнерді роботтар да меңгереді. Сенбейсіз бе? Жақында Жапонияның болашақ Хакодате Университетінде арнайы мамандардан құралған топ робот жасап шығарды. Бұл роботтың ерекшелігі сол, ол кәдімгі жазушы секілді роман жаза алатын қабілетке ие. Роботты жапон фантаст жазушысы Сатоси Хасе ұйымдастырған әдеби байқауға қатыстырған еді. Байқауға 1,5 мыңға тарта жұмыс келіп түсті, оның 11-ін роботтар жазған. Болашақ университет мамандары жасаған роботтың жазған романы ақтық сынға өтті. Әзірге роботтың аздаған кемшіліктері бар. Атап айтсақ, берілген тапсырманың шеңберінен шығатын жасампаздық жетіспейді. Былайша айтқанда, кеңірек ойлау жағы кемшін десек болатындай. Жасаушы мамандар робот-жазушының осынау кем тұстарын қайта қарауды жоспарлап отыр. ![src=]()
ақпарат көзі: zhambylnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




