«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбылдық ет шетелдік тұтынушылардың сұранысына ие

Жамбылдық ет шетелдік тұтынушылардың сұранысына ие
ашық дереккөз
Жамбылдық ет шетелдік тұтынушылардың сұранысына ие

Тәуелсіздік жылдары Жамбыл облысында асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 13 есеге өсті - бұрын 8 шаруашылық болса, қазір жүзден асады. Жоғары өнімді асыл тұқымды мал саны бойынша облыс Қазақстан өңірлері арасында үздік үштікке енеді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, Жамбыл шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы аясында ірі қара және ұсақ малдың, мал бордақылау орындарының санын көбейтіп, жыл сайын шамамен жүз мың тонна ет өндіреді. Бүгін облыста 26 мал бордақылау аумағы бар, оның алтауы экспортқа бағдарланған. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның оңтүстігі ет өнімдерін экспорттау үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Жамбылдық ет жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді және оны қазақстандық қана емес, шетелдік тұтынушылар да ерекше ықыласпен сатып алады. Жыл басынан бері шетелге 450-ден астам тонна сиыр еті, 22 тоннадан астам шұжық сатылды, 190-ға жуық ірі қара мал сойылды. Меркі ет комбинаты бірнеше жылдан бері «Халал» маркасымен өзінің жоғары сапалы өнімдерін Иранға жеткізеді. Енді оған Ресей, Бахрейн және өзге де араб елдері қызығушылық танытып отыр. Қазір бұл ауданда 14 мың ірі қара малды молайтатын 6 бордақылау базасы бар. Аудан жылына 8 мың тонна салқындатылған ет жіберетін болады, яғни меркілік етті экспорттау көлемі үш есеге ұлғаяды. Жамбыл, Қордай, Байзақ аудандары өздерінің ет өнімдерін Біріккен Араб Әмірліктеріне тасиды. Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан республикаларына да ет жеткізу жайында келіссөздер жүріп жатыр.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар