Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Б.Момышұлы атындағы орта мектепте бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті. Кешке мектепте ауыл тұрғындары қатысты. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға нық қадам басқан елміз. Кең-байтақ Қазақстанымыз келешегі кемел ел ретінде дүниеге танылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел ойы арқасында әлем елдері елімізге құрметпен қарайтын болды. Қазақстан – байлығы мол ел. Оның мол астығы, мұнайы мен газы, алтыны мен күмісі, көмірі мен мысы ел экономикасының артып, іргесі мықты мемлекет бола алатынының кепілі. Осы байлықты игеріп отырған жасампаз еңбек адамдарының еңбегі ерен. Жер асты байлығы жететін Мойынқұм өңірінде де үлкен өзгерістер, жаңарулар жүріп жатыр. Ол алдағы уақытта да жалғасып, ел байлығын еселей түспек. Оқушылар еліміздің осынау жетістіктерін өнерімен жеткізе білді. 83 оқушының отты жырларды жатқа оқуы, даналардың ұлағатын мәнерлеп жеткізуі ауыл тұрғындарын шат-шадыман етті. Мерекелік кештің соңында ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Әскербек Нұрмайлов және Сайын Жұмабаев аталарымыз оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Айғаным Мәстүр, 11-сынып оқушысы.
Көкжелек ауылы, Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




