Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без
Жамбыл ауданы әкімдігі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Марат» мейрамханасында аудандағы әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі 300 адамға арнап дастарқан жайды. «Қайырымдылық – қадірлі іс» атты игі шарада аудан әкімі Мәден Мұсаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады. Мерекелік жиында 85 тұрмысы төмен, 17 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қалталар табыс етілсе, өзгенің көмегіне мұқтаж 3 адам мүгедектер арбасына қол жеткізді. Мүмкіндігі шектеулі 4 адамға Т.Рысқұлов шипажайында емделуге жолдама берілді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Темешбаев шараның шапағатын көргендердің арасында Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, дүниеге үшем әкелген ардақты ана Тахмина Мадиева да бар екенін айтады. Оған үшемге арналған серуен арбасы сыйға тартылыпты.
– Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Ал қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру – ізгі іс.
Осы жиынға тәуелсіздіктің 10 құрдасы шақырылып, оларға да арнайы сыйлықтар үлестірілді. 2 тәуелсіздік құрдасы Астана қаласына қыдырып қайту үшін жолдамаға ие болды, – дейді ол.
Жастайынан арбаға таңылып, тағдырынан қанша теперіш көрсе де өмір сүруге деген құлшынысын жоғалтпаған, «Тектұрмас жаққа ұшқан құс» атты жыр жинағының авторы, ақын Қуаныш Ауғанбаев мерекелік шарадан алған әсерін бөліскен еді.
– Назерке Кеңес деген қызға және маған планшет сыйға тартылды. Бұл – шығармашылығымызды шыңдап, жаһандық жаңалықтардан дер кезінде хабардар болып отыруымыз үшін аса қажет дүние. Бізге көрсетілген құрмет, аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынған концерт көңілімізден шықты. «Жылуы жоқ үйден без, жылуы жоқ биден без» деген сөз бар. Біздің осылай мәре-сәре болып жатқанымыз Елбасымыздың сара саясатының жемісі. Тәуелсіздік – біздің тірегіміз, – дейді ол.
Нұрым сырғабаев, «Ақ жол».
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді