Денсаулық
Таразда алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан сарбаздар марапатқа ұсынылмақ
- author «Ақ жол»
- 21 желтоқсан, 2016
- 512
Таразда алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан сарбаздар марапатқа ұсынылмақ
Таразда күшті желдің кесірінен адамдарды басып қала жаздаған алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан үш сарбаз марапатқа ұсынылмақ, деп хабарлайды КТК.
Әскери бөлім басшылығы олардың бұл әрекетін ерлікке балап отыр. 16-шы желтоқсан күні қаланың орталық алаңында мерекеге орай ұйымдастырылған концерт кезінде желдің кесірінен көлемі алты құлаш алып баннер көрермендерге қарай құлаған болатын. Осылайша күтпеген жерден мерекенің шырқы бұзылған. Оқыс оқиға салдарынан концерт аяғына жетпей тоқтатылып, үрейі ұшқан ел жаппай алаңнан қашып кетті. Ал «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» деген жазуы бар баннер үш сарбаз бен бір жергілікті тұрғынды басып қалған. Екеуінің алған жарақаты жеңіл болғанымен, миына қатты зақым келген екі сарбаз ауруханада жатыр. Үш күн жансақтау бөлімінде жатып, тек бүгін жалпы палатаға шығарылды. Әскери бөлім басшылары үш азаматты марапатқа лайық дейді. Айтуларынша, олар өзгелердің жаны үшін басын бәйгеге тіккен. Яғни, көпшілікке қауіп төндірген баннерді денелерімен тосып қалған. “Оқиға еміс-еміс есімде. Бұрыла бергенімде, құлап келе жатқанын көрдім. Ары қарай есімде жоқ. Әйтеуір, бірдеңе ұшып келе жатыр. Қолымды созғандай болдым, сонымен бітті. Ары қарай белгісіз”, – деді Аман Әженов, ҚР Ұлттық ұланы 55/13 әскери бөлімінің сарбазы.ақпарат көзі stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




