Д.Өтеғалиев "Республикалық радио" ЖШС басшысы болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 20 желтоқсан, 2016
- 612
«Қазақстан» РТРК құрамында жаңа өзгерістер орын алды. Корпорация басшысы Кемелбек Ойшыбаев бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.
Басқарма басшысының айтуына қарағанда бұған дейін «Қазақстан» РТРК құрамында болған радиолар жаңа жылдан бастап жеке ЖШС болып бекітіледі. Оған жаңа басшы да сайланып қойған екен.
«Еліміздегі радионы дамыту мақсатында "Қазақстан" ТРК қарасты радиоларда өзгеріс бар. Қазақ радиосы, "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары "Республикалық радио" ЖШС-не біріктi, 1 қаңтардан жаңа серiктестiк жұмысын бастайды. Министр Даурен Абаевтың келiсiмiмен ұжымның басшылығына БАҚ саласында 20 жылдай қызмет еткен, белгiлi журналист Өтеғалиев Досымбектi таныстырдым. Радиолардың басшысына бірқатар тапсырма жүктедім, басты мақсат Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосының рейтингтерiн бiрiншi орындарға шығарып, тыңдармандардың санын көбейту. Сәттілік тілеймін!»
Досымбек Өтеғалиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (1999) журналист мамандығы бойынша бітірген және осы университеттің осы мамандық бойынша магистратурасын (2001) тәмамдаған.
1997-2001 жылдары - «Шахар» ТРК телерадиохабарларының жүргізушісі.
2000 жылдан - «Южная столица» ТРК журналисі жаңалықтар жүргізушісі.
2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігінің жаңалықтар жүргізушісі және продюсері.
2005 жылдан - «31 арна» ТРК «Информбюро» бағдарламасының жүргізушісі, шығарушы редакторы.
2008 жылдан - «Алматы» ТРК Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының директоры, 2009 жылдан –аталған телеарнаның продюсері.
2010 жылдың қаңтар айынан бері - «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» ЖШС президенті қатарлы қызметтерді атқарған.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




