Таразда мерекелік концертте адамдарды құлаған сахнадан құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды
- author «Ақ жол»
- 20 желтоқсан, 2016
- 680
"5513 әскери бөліміндегі сарбаздардың шапшаңдығының арқасында адамдарға қауіп төнген жоқ. ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен қоғамдық тәртіп пен қоғамды қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отырып, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қатардағы сарбаздар Аженов Аман, Бажин Юрий, Дылюк Юрий ІІ дәрежелі "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" ("Отличник Национальной гвардии") төсбелгісімен марапатталды", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 16 желтоқсанда Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлап, Ұлттық ұланның сарбаздары зардап шеккен болатын. "Табиғаттың оқыстан пайда болған ахуалы кезінде 5513 әскери бөлім сарбаздары өздерінің қайсарлығы мен табандылығының арқасында бейбіт тұрғындардың жарақат алуы мен жазымтай жағдайларға жол берген жоқ", - деген еді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, жарақат алған сарбаздарға шұғыл алғашқы медициналық жәрдемнің көрсетілгені хабарланған болатын.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




