Шымкентте генераторларды жөндеуден өткізетін жаңа зауыт ашылды
- author «Ақ жол»
- 20 желтоқсан, 2016
- 776
Тозығы жеткен электр қозғалтқыштары кәдеге жарады. Шымкентте генераторларға қажетті түсті металл орамаларын шығарып құрылғыны тұтастай күрделі жөндеуден өткізетін жаңа зауыттың тұсауы кесілді. Индустриалды аймақтағы жобаның құны – 75 миллион теңге. Отандық кәсіпкердің қаржысына салынған зауытта 30 адам еңбек етеді. Қажетті инфрақұрылым мемлекет есебінен тегін тартылған. Зауыт тұрақты ток көзін беріп тұратын электр қозғалтқыштары мен трансформатор және жоғары кернеулі ток шығаратын генераторларға сервистік қызмет көрсетеді. Машинаның стартеріне дейін жөндейді. Кәсіпорын сонымен бірге арматура орамаларын өндіру, тікбұрышты сымдар мен дөңгелек қималы мыс және алюминий жасаумен айналысады. Зауыт индустриалды аймақтағы өндіріс орындарымен қатар Қызылорда және Жамбыл облысыдағы ірі кәсіпорындарға қызмет көрсетуге дайын. Өндірістің қуаттылығы жылына 12 мың тоннаны құрайды. Бахадыр Жантелиев, құрастырушы: - Мынау – 315 Кв мотор. Бұның сымын өзіміз қолдан жасаймыз. Өзіміз ораймыз. Барлығы осы жерде жасалады.Тоғының жүктемесіне қарап істесе, мотор 10 жылға дейін жұмыс істейді. Нұрғазы Тілеубердиев, зауыт директоры: - Ішіндегі сымын шығару – тек қана бастамасы. Келешекте электр қозғалтқыштың басынан аяғына дейін жасаймыз деп жоспар қойып отырмыз.
ақпарат көзі: 24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




