Қайрат Нұртастың Алматыдағы концертіне арнайы автобустар қатынайды
- author «Ақ жол»
- 20 желтоқсан, 2016
- 688
21 желтоқсан күні Алматыдағы «Алматы арена» мұз сарайында Қайрат Нұртастың жеке концерті өтеді. Әншінің шығармашылық кешіне барамын деушілер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Көрермендердің қолайлығы үшін сағат 16:00-де Б.Шолақ атындағы спорт сарайынан (Абай даңғылы-Байтұрсынов көшесі) бастап «Алматы аренаға» дейін арнайы бағдарлар қатынай бастайды. Автобустар концерт аяқталғаннан кейін кері бағытта жүреді. Билет құны бір бағытқа 100 теңгені құрайды. Сондай-ақ «Алматы аренаға» дейін «Саяхат» аялдамасынан №7 автобуспен және «Б.Шолақ атындағы спорт сарайы» аялдамасынан №57 бағдармен жетуге болады. Қалалық қоғамдық көліктерде жүру жол ақысы - 80 теңге.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




