Денсаулық
Головкин: Бұл мен үшін де Джейкобс үшін де өте қызықты кездесу болмақ
- author «Ақ жол»
- 19 желтоқсан, 2016
- 504
Головкин: Бұл мен үшін де Джейкобс үшін де өте қызықты кездесу болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 18 наурызға белгіленген америкалық Дэниэл Джейкобспен болатын кездесу туралы журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz. «Бәрінен бұрын, бұл мен үшін үлкен жаңалық және асқан қызығушылық танытып отырмын. Қатты толқып та жүрмін, себебі мен тағы да рингке шығамын. Өте жақсы айқас болады деп үміттенемін. Менің ойымша, бұл екеуміз үшін де тамаша кездесу болмақ. Дэниэл - әзірге менің үздік қарсыласым. Ол тамаша боксшы», - деп жазды GGG сөздерін Boxingscene.com. Геннадийдің үшінші кездесуі биылғы желтоқсан айында өтуі тиіс еді, бірақ ол мерзім 2017 жылдың 18 наурызына ауыстырылды. «Мен 2016 жылы үш кездесу өткізгім келді, бірақ келесі айқас наурыз айында болады. Маған демалуға уақыт керек. Менің ойымша, бұл уақытта кездесудің жарнамасын көбірек жасауға, үздік келісім-шарт бекітуге болады. Әзірге Дэннимен кездесу мендегі маңызды айқас болып тұр», - деді боксшы.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




