Тәуелсіздік жылдары 1 миллионнан астам қандасымыз атамекенге бет бұрды
2015 жылдың басында Қазақстанның тұрғылықты халқының ресми саны 17 417 673 миллион адамды құрады. Биылғы жылы да елімізде айтарлықтай демографиялық өсім болғаны байқалуда. Мемлекеттегі иммиграция мен туу санының өсуіне байланысты тұрғындар саны тұрақты түрде көбейіп келеді. Ел аумағына сырттан жылына 150 мың адам көшіп келеді екен. 2009 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жылына өз еліне қайта оралар отбасылар санын 15 мыңнан 20 мыңға өсіруге пәрмен беруі де бұл үдеріске серпін бергені хақ. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап күні бүгінге дейін елімізге барлығы 256,2 мың отбасыдан құралған 945,0 мыңға жуық қандасымыз қоныс аударған екен. Ал оларға мемлекет қолдауынсыз көшіп келгендерін қоса есептейтін болсақ, әлдеқашан 1 миллиондық межеден асқанына көз жеткізер едік. Осы орайда облысымыз оралмандардың көп шоғырланған өңірлерінің біріне айналғанын атап өтуге тиіспіз. Өңірімізге 1991 жылдан бастап күні бүгінге дейін 92 666 адамнан құралған 20441 оралман отбасы көшіп келген. Олардың қатарында Ауғанстан, Пәкістан, Моңғолия, Иран, Түркия, Өзбекстан, Қырғыз,Түрікменстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей секілді алыс-жақын шет мемлекеттерден атақоныстарына бет бұрғандар бар. Көшіп келген қандастарымыз өңірімізде бірыңғай біркелкі орналаспаған, 65,0 пайызға жуығы – Тараз қаласы мен Байзақ, Қордай аудандары да отыр. Оларды орналастырудағы басты міндет – баспанамен қамту болып табылады. Барлығы 9418 оралман отбасының 51948 отбасы мүшелеріне көшіп келу квотасы бойынша 7075,0 миллион теңге қаржы төленген. Оның ішінде 11845 отбасы (яғни 58 пайызы) мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтылса, 4152 отбасы (21 пайызы) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету жәрдемақыларын толықтай алды. Облыс бойынша 169 отбасына 26140,6 мың теңгенің 2002 жылдан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмегі және 1107 отбасыға 44468,8 мың теңге сомасында 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалып төленген. Сондай-ақ, 1500 оралман отбасыға (Тараз қаласында – 7, Байзақ ауданында – 677, Жамбыл ауданында – 256, Жуалы ауданында – 67, Қордай ауданында – 410, Т.Рысқұлов ауданында – 23, Меркі ауданында – 49 және Шу ауданында – 11) жеке тұрғын үй салу үшін барлығы 149, 35 гектар жер учаскелері берілді. Одан бөлек өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, бағбандық және саяжай құрылысына 4326 гектар көлемінде жер телімі босатылды. Жалпы, шеттен келген ағайындарымыз мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілетін нысаналы топқа жатқызылған. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға жұмысқа орналасу жөнінде көмек сұрап өтініш білдіріп, есепке тұрған кезде бұл санаттағы жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына басымдық беріледі. Оралмандар тұрақты жұмыстармен, ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарымен, жастар тәжірибесі шараларымен, кәсіптік даярлаумен тиісінше қамтылуда. Сонымен бірге, көшіп келушілерді алғашқы бейімдеуден өткізу мақсатында 2011 жылдың 1 наурызынан бастап Тараз қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй» коммуналдық кәсіпорнына қарасты 5 мөлтек ауданында орналасқан №25 жатақханадан жалпы аумағы 372 шаршы метр құрайтын 10 пәтер жалға алынып, «Оралмандарды уақытша орналастыру орталығы» ашылды. Аталған оралықтың негізгі міндеті – этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруын қамтамасыз ету болып табылады. 2011 жылдан бастап орталықта 77 адамнан құрайтын 26 отбасы уақытша орналастырылды. Өңірімізге шеттен көшіп келушілер легі әлі де толастаған жоқ. Ең бастысы да осы.
Айжан ӘЛІМБЕКОВА, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді