Бір мойындарлық жай, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің мызғымас бірлігі мен ынтымағын cақтап, нығайту мәселесінде ТМД елдерінде, тіпті, әлемде еш теңдесі, баламасы жоқ бірегей қоғамдық институт ретінде қалыптасып, даму үстінде. Елімізде, оның ішінде өңірімізде бір шаңырақ астына ұйысқан 80-ге жуық ұлттың өкілі бүгінде көптеген игі шараларды «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара», айрықша ауызбіршілікпен, тату келісім жағдайында жұмыла атқарады. Елдегі әлеуметтік-экономикалық реформалардың дәйектілікпен жүзеге асырылуы ісінде де Ассамблеяның алар орны ерекше.
Өңіріміздегі 20-дан астам облыстық этнобірлестік пен аудандық мәдени-ұлттық орталықтардың ұлтаралық және конфессияаралық тату келісімді сақтап, нығайтуға байланысты әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына тұрақты атсалысатындары да аз емес. Биыл облыс орталығынан өркениеттік талаптарға жауап берерлік заманауи келбет-айшыққа ие жаңа «Достық» үйі ғимаратының пайдалануға берілуі ассамблея мен оның құрамындағы этнобірлестіктер мүшелерін айрықша қуанышқа кенелткенін де атап өтуге тиіспіз. Биылғы жыл мерекелі һәм берекелі жыл болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай жыл басынан бастап, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 60-қа жуық мәдени-көпшілік шаралары өткізілсе, одан кейінгі айларда бұл көрсеткіш еселеп артты. Онда қолөнер шеберлерінің көрмесі мен концерттік бағдарламалардан бастап, кең ауқымды қайырымдылық шараларына дейін қамтылды. Мысалы, «Ақ желкен» жастар лигасы аға ұрпаққа құрмет көрсетумен бірге бүгінгі жас ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеп, баулыса, «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық компаниясы аудандарға арнайы сапарлар ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созуда.
Маржан ҚОЖАЕВА, облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




