Шымкентте 250 бала Елбасы атынан сый-сияпат алып, мәре-сәре болды. Қуанышқа кенелген балғындар арасында балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан бүлдіршіндер мен озат оқушылар да бар. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанадан арнайы жолданған сыйлықты балдырғандарға облыс әкімі салтанатты түрде табыс етті. Балалар ертегілер елінен келген кейіпкерлермен бірге билеп, әуелете ән салды. Жаңа жылға дейін облыс аумағында дәл осындай көмекке мұқтаж 6 мың балаға қайырымдылық акциясы аясында қолдау көрсетілмек. Пернехан Тұрарбек, Оқушы: - Бүгін мен ағаларымнан куртка, жемпір, спорт және аяқ киім алдым. Сол берген сыйлықтарына алғысымды айтамын. Мен болашақта құрылысшы болсам деймін. Қалама үлкен үйлер соғып, еліміздің гүлденуіне үлкен үлес қосамын деп ант етемін. Бекжан Базарбек, Оқушы: - Жан сырымды өзіңе жаям далам. Тәуелсіздік жолында аянбаған. Ақ ордам бар астасқан аспанменен, Елбасының ерлігі аян маған. Жігерімді танимын алмас қылыш, жырлай берем таңдарды таңға астырып. Асқақтай бер елін сүйген Елбасым, бабалардың арманын жалғастырып.
ақпарат көзі: 24.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




