«Қазақфильм» қытай кинематографистерімен бірлесіп кино түсіріп жатыр
- author «Ақ жол»
- 14 желтоқсан, 2016
- 220
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қытай кинематографистерімен бірлесіп «Композитор» (жұмыс атауы) атты фильмді түсіруді қолға алды. Аталған фильмнің түсіру жұмыстары бойынша кездесу өткізу үшін Алматыға арнайы Қытай Халық Республикасының танымал режиссері Шеризат Якуб бастаған Shineworks кинокомпаниясының түсіру тобы келді. Бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы талқылаулар 2015 жылы 26 қыркүйекте Қытайдың Фучжоу қаласында өткен «Жібек Жолы» кинофестивалінің копродукция жөніндегі форумда басталған. 2016 жылы 2 қарашада «Қазақфильм» киностудиясы және қытайдың Shineworks кинокомпаниясы арасында «Композитор» атты фильмді бірлесіп шығару және қаржыландыру, сонымен қатар бірлесіп прокатқа шығару жөнінде келісімге қол қойылды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап фильм дайындық кезеңге өткен болатын. Картинаның түсіру жұмыстары 2017 басталып, түсірілімдердің негізгі бөлігі Қазақстанда өтеді. Аталған фильм әлемдік өнерге елеулі үлес қосқан қытайдың танымал композиторы Си Синхайдың өмірі мен өнер жолына арналмақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941- 1943 жылдар аралығында) композитор Қазақстанда тұрып, қазақтың талантты композиторы Бақытжан Байқадамовпен дос болған. Картина екі ел арасындағы ынтымақтас пен композиторлардың достығы туралы сыр шертеді, деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.. «Бүгінгі күнге дейін біраз жұмыс атқарылды. Қазақстан жағынан серіктестерімізге алғысымыз шексіз. Қытайда Си Синхай туралы, оның әр жылдары өмірі туралы баяндайтын фильмдер көп, бірақ композитордың Қазақстанда тұрып, осында жұмыс істегені жөнінде көбісі біле бермейді. Осы елде композиторды жылы қарсы алып, оның шығармашылығына қолдау көрсеткені туралы айтып беру біз үшін өте маңызды», - деді фильмнің режиссері Шеризат Якуб. «Қазақфильм» үшін бұл Қытай киногерлерімен жасалғалы отырған алғашқы жоба. Сондықтан да біздің тараптан бұл жобаға білікті мамандар тартылып отыр. Екі ел арасында ынтымақтастық орнату мақсатында қолға алынған бұл фильмді абыроймен атқарып шығамыз деген ойдамын», - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков.
ақпарат көзі: Baq.kz.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді