Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы GGG командасының ресми өкілі Жанар Өтешева Instagram желісіндегі өзінің парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, спортшы рекордтар кітабына нокаут пайызы ең жоғары орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде кірді. Оның нокауттарының қатынасы 91,67 пайыз. Айта кетейік, Головкин қазіргі уақытта WBA (Super), IBF, IBO және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, 36 жеңіске жеткен. 33 кездесуін нокаутпен аяқтаған.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




