Криштиану Роналду "Алтын доп" жүлдесін төртінші мәрте жеңіп алды
- author «Ақ жол»
- 13 желтоқсан, 2016
- 775
"Реал" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду France Football француз журналының жыл қорытындысы бойынша үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды
Бұл жүлдеге 30 футболшы таласқан болатын. Жеңімпаз спорт журналистерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.
2016 жылы Роналду "Реал" сапында Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды, ал Португалия құрамасында Еуропа чемпионы атанды. 31 жастағы португал осымен төртінші мәрте "Алтын доп" жүлдесін алып отыр. Осыған дейін ол жүлдені 2008, 2013 және 2014 жылдары алған болатын.
Ballon d'or France Football 2016 winner : CRISTIANO RONALDO#ballondor
Ал осы жылы ФИФА мен France Football арасындағы әріптестік аяқталды. Енді журнал өз жүлдесін жалғыз табыстайтын болды. Өз кезегінде ФИФА жыл қорытындысы бойынша үздік ойыншыны өзі атайды - енді жеңімпаз ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандарының және интернеттегі жанкүйерлердің таңдауымен белгілі болады.
ФИФА-ның тұжырымы бойынша жеңімпаз 19 қаңтарда Цюрихтегі арнайы гала-кеште анықталады. Үміткерлердің үштігіне Роналду, Месси және Гризманн кірді.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді



France Football 

