Мамандардың айтуынша, ең "қымбат" қалалар - Алматы, Қостанай және Шымкент. Онда жылу тарифтерінің бағасы басқа облыстардан қарағанда 1, 5 есе қымбат екен.
Сондай-ақ, мамандар қазақстандықтардың биыл қараша айында 1 гигакалория үшін 3722,91 теңге төлегенін айтып отыр. Бұл 2015 жылдың қараша айындағы көрсеткіштен 17 пайызға көп екен.
Еліміздегі ірі қалалардың бірі Алматыда жылу тарифтерінің бағасы 1 гигакалория үшін 6,04 мың теңге болса (былтырғы бағамен салыстырғанда 4,4 пайызға қымбат), Қостанай тұрғындары1 гигакалория үшін 5,82 мың теңге төлеген. Шымкенттегі жылу тарату бағасы 1 гигакалория үшін 5,58 мың теңге екен.
Ал ең арзан бағалар - Павлодарда (1 гигакалория - 2, 23 мың теңге) және Астанада (1 гигакалория - 2,50 мың теңге).
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, Талдықорғанда бір жыл ішінде жылыту маусымының тарифтері бірден 56,5 пайызға көтерілсе, Көкшетауда 34,2 пайызға дейін көтерілген. Ақтөбеде де (31,2 пайызға) тариф бағасының жоғарылауы байқалады. Ақтауда ғана жылыту маусымының тарифтері өзгеріссіз қалған екен. Ондағы тұрғындар 1 гигакалория үшін 3,37 мың теңге төлейді.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




