Қазақстандық оқушылар Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2016
- 759
Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарлама жасаудан 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, - деп жазады Сұрақ-жауап сайты.
Бағдарлама жасаушылардан құралған «Алматы + Астана, КТЛ #1» командасы 200-ден аса бәсекелесінен озып шықты. Турнирдің кестесіне сәйкес, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мадибек берілген 11 тапсырманың тоғызын шеше алды.
Осылайша қазақстандық мектеп оқушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2-орынды «Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома» (Мәскеу) командасы иеленсе, 3-орынды «Бағдарлама жасаушылар мектебі #1» (Мытищи) алды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы білім-инновация лицейінің оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енген болатын. Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




