13 жастағы қазақтың бүркітші қызы туралы деректі фильм Оскар сыйлығының шорт-парақшасына ілікті деп хабарлайды 31.kz.
Моңғолияда тұратын Айшолпан Нұрғайып туралы фильмнің продюсері Дейзи Ридли. Фильмді әлемге әйгілі «Сони» және «20-шы ғасыр Фокс» сынды кинокомпаниялар түсірген. Айшолпан Нұрғайып осыдан бірнеше жыл бұрын өткен бүркітшілер сайысына қатысып, ең жас бүркітші ретінде әлемдік БАҚ назарына іліккен. Аталған фильмде оның қалай бүркітші болғаны туралы айтылған. Айшолпанның әкесі, ата-бабасы да танымал құсбегі болыпты. Ал «құсбегілік қыз балаға тән емес деп сынағандар» мен танымал болғаннан кейін өз ойларын дереу өзгертті дейді ол. Қазір 15-ке толған Айшолпан 2 жылдан кейін мектепті аяқтап басқа қалаға оқуға түсуді армандап жүр. Ал сүйікті ісін ол өзінің сіңлілеріне үйретіп кетпекші. Айта кетейік, Оскар сыйлығы үшін қазір 145 картинаның ішінен 15-і іріктеліп алынған. Ал 5 үздік фильм келер жылдың 24 қаңтарында анықталады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




