Допинг енді боксшыларға да келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осындай айыппен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының 52 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атанған ресейлік боксшы Миша Алоян Олимпиада жүлдесінен айырылғаны белгілі болды. Оған Халықаралық төрелік соты осылай үкім шығарған. Миша Алоянның қан құрамынан рұқсат етілмеген препараттар табылған. Халықаралық Олимпиада комитеті Алоянның бірнеше рет антидопингтік ережелерді бұзғанын айтқан. Кейін тексеріс кезінде сынамалары оң нәтиже берген. Ал боксшының бапкері Эдуард Кравцов алдыңғы мәлімдемелерінде шәкіртінің жөтелге қарсы препараттар қолданғанын айтқан болатын. Естеріңізде болса, Рио Олимпиадасының финалында Миша Алоян өзбекстандық Шахобидин Зоировтан ұтылған еді.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




