ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «АЗИЯ АВТО» зауыты «LADA көлігін құрастыруды бастау рәсімін өткізді. Техникалық рұқсатқа ресми қол қойылғаннан кейін отандық көлікті жинауды бастау рәсімі өтті. Стратегиялық құжатқа өңірге келген «АВТОВАЗА» президенті Николя Мор мен «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин қол қойды. Қазақстандық машина жинау зауытына экспортқа шығару үшін Vesta седан, Xrayкроссовер, Largus және Granta лифтбегін жинауға құқық беріледі. «Қазақстан - «Lada» үшін нөмірі бірінші экспорттық нарық. Өскемендегі өндірісті дамыту - экспорттық саясатта мүмкіндіктерді кеңейту. Кәсіпорын алдында көптеген міндеттер тұр. Біз толық циклды көлік зауытын салуды жалғастырамыз. ҚР билігіне ауқымды жобамызды қолдағаны үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті Николя Мор. Өз кезегінде холдинг басшысы Анатолий Балушкин осы жыл «АВТОВАЗ» және «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» әріптестігі тарихында ең маңызды жыл екендігін айта келе, «LADA» үлгісін шығаруды бастау - зауыттың 14 жылдығына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына лайықты сый»,-деді ол. Өскеменде жылына 120 мың көлік шығаратын зауыт салу бойынша «АЗИЯ АВТО Казахстан» индустриалдық-инновациялық жобасын іске асыру жалғасуда. Жоба республикалық Қазақстанның ҮИИД картасына кіреді. Оны іске асыру 2014 жылы басталған. Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2017 жылға жоспарланған. Жобаны іске асыру Қазақстан мен Ресей президенттері мақұлдағаннан кейін басталды.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




