Енді отандық әуекомпанияларының барлығы Еуропаға еш кедергісіз ұшатын болды
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2016
- 733
Отандық әуекомпанияларының барлығы енді Еуропаға еш кедергісіз ұшатын болды. Бүгінгі күнге дейін Air Astana әуекомпаниясынан басқа 19 қазақстандық компанияға бұл кеңістікке ұшуға шектеу қойылған болатын. Еуропалық комиссия Брюссельде өткен отырысында қазақстандық авиакомпаниялардың еш қиындықсыз ұшуына ресми түрде рұқсат берді. Онда еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін таныстырған болатын. Азаматтық авиация комитеті ұшу саласындағы барлық ескертпелерді жойып, елімізде ИКАО стандарттарын енгізу деңгейін 74 пайызға дейін көтерді. Бекен Сейдахметов, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы: - ИКАО 8 критикалық элемент бойынша барлық елді бір құжатпен қадағалайды. ИКАО екі-үш жыл ішінде өз құжаттарын дамытып отырады. Біз де сол құжатқа сәйкес оларға сай болуымыз керек. Сол үшін күнделікті онлайн-режимінде қадағалап отырамыз.
ақпарат көзі. 24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




