Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға 70 мың теңгеден беріледі
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2016
- 241
Елордада бюджеттік саласының 39 072 қызметкері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сыйақы алады.
Әкімдіктегілердің айтуынша, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге бір реттік еңбекақы төлеу үшін бюджеттен 1 миллиард 900 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді екен. Сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне де сыйақы берілетіні хабарланды.
Сонымен қатар, 2016 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға 70 мың теңгеден бөлу жоспарланған.
Бұған қоса, аз қамтылған азаматтарға (18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалып, төленетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан) жәрдемақылар төленеді.
"Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына ақшалай және басқа да көмек түрлері Астана әкімі жариялаған "Астана - мейірімді қала" акциясы шеңберінде де көрсетілуде, бұл шара желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Ай басталғалы әкімдіктің, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ұжымдары және қайырымды жандар балалар үйлеріне, соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және т.б. көмек көрсетуде. Аталған акцияға кәсіпкерлер қауымы да қолдау көрсетуде", - делінген әкімдіктің хабарында.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді