Астана әкімі Әсет Исекешевке EXPO-2017 жаңа логотипі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Әр апта сайын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі штабтың кезекті отырысында Әсет Исекешевке EXPO-2017 көрмесінің жаңа логотипі таныстырылды. Сонымен қатар, отырыста еріктілерді тарту бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Жалпы қала басшысы әрбір қатысушыны өзі тыңдап, қажет болса, тапсырма береді және барлық тапсырмаларды егжей-тегжей пысықтауды жүктеді.
Отырыс шеңберінде көліктік қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыру, азық-түлік жеткізу, мәдени-бұқаралық шаралар күнтізбесі сияқты мәселелер талқыланғаны хабарланып отыр. "Штаб көрме барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Сол себепті әр апта сайын жиынға қаланың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар шақырылады. Көрме қонақтарына жайлы жағдай жасау тақырыбы да қозғалды. Оларды елордада орналастыру және қала ішімен жүруіне қатысты бағыттар әзірленді", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




