Қазақстандықтар жаңа жылды 31 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында атап өтеді. Жаңа жыл мемлекеттік мереке болып табылады, ресми түрде 1 және 2 қаңтар атап өтіледі. Алайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндер сәйкес келгенде демалыс күні мерекелік күннен кейінгі жұмыс күні болып табылады. 1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс мерекеден кейінгі жұмыс күні сейсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 31 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында демалады. Келесі демалыс 7 қаңтарда болады. Православиелік Рождество сенбіге түседі, жұмыс режімінен және ауысымдық кестесінен тыс демалыс күні болып табылады. Демалыс бір күн болады. Айта кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесінде де қазақстандықтар төрт күн демалады.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




