Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов 34 миллион теңгеден алды
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2016
- 571
Риода 2016 жылы өткен Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке Олимпиаданың алтын медалінің сыйақысы берілді.
2016 жылы 26 тамызда қазақстандық спортшыларға салтанатты түрде құрмет көрсету кезінде Нұрсұлтан Назарбаев осы екі боксшының жүлдесін алтынмен теңестіру шешімін жариялаған. Бүгін, 8 желтоқсанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті және Қазақстан бокс федерациясының басшысы Тимур Құлыбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Левит пен Ниязымбетовке чемпион атағын алғандармен теңестірілген қаражаттың сертификатын тапсырды. Осылайша, Олимпиада ойындарында күміс жүлде жеңіп алған екі спортшы 150 мың доллар емес, 250 мың доллардан алды. Айта кетейік, бұл қаражатты Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы бөлген.
ақпарат көзі: tengrinews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




