Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий 5 жылға ұзартылды
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2016
- 485
Бүгін Сенат депутаттары «ҚР Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР заң жобасын қабылдады.
Аталған заң жобасын ҚР премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов таныстырды.
«Жер саласында туындаған мәселені қарау үшін қоғамда туындаған пікірлер ескеріле отырып, арнайы Жер туралы комиссия құрылған болатын. Осы комиссия күн тәртібіндегі тақырыптарды қарау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жекеменшікке сату, шетелдіктерге жалға беру мәселелерін қамтыды», – деді Мырзаxметов.
Министр Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен ҚР азаматтарына және заңды тұлғаларына жерді пайдалану құқығын беруге болатынын айтты.
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жекеменшікке берілмейді. Тек қана жалға беріледі. Сондықтан мораторий кері әсерін тигізбейді», – деді вице-премьер.
Сенат депутаттары жер учаскелері ауыл шаруашылығын жүргізу үшін объектілер салуға берiлген жағдайда мораторий қалай қолданылатынын сұрады.
«Мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына қолданылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болғандықтан, тек жалға беріледі, жекеменшікке берілмейді. Құрылыс салынған жер учаскесін басқа санатқа ауыстырған жағдайда ғана жекеменшікке алуға құқылы», – деді Мырзахметов.
ақпарат көзі: stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




