Полицейлер қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігімен ерекше құттықтады
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2016
- 602
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық полициясында жұмыс істейтін 80-нен астам Тәуелсіздік құрдастары ерекше флеш-моб ұйымдастырды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының құрметіне арналған айрықша шараға 82 полиция қатысып, олар жол-шолғыншы көлігімен 25 санын жазды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері де 25 санын жазып сап түзеп, ел мерейтойына құрмет көрсетті. «Осынау шараны өткізу арқылы біз бұл мерейтойлық датаның маңыздылығын көрсеткіміз келеді. 25 жылдың ішінде қазақстандық полиция жүргізілген реформалардың нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздіктің тірегіне айналды. Ел Тәуелсіздігінің 36 құрдасы аудандық бөлімшелерде, ал 46-сы қалалық және облыстық аппаратта жұмыс істейді», - деді СҚО ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Білялов.
ақпарат көз: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




