Қазақстандық азамат донор ретінде жарты тоннадан астам қан өткізген
- author «Ақ жол»
- 9 желтоқсан, 2016
- 443
Қазақстанда жарты тоннадан астам қан өткізген рекордтық көрсеткішке ие донор бар. Cегіз мыңдық шыңдарды 14 мәрте бағындырған ең жас альпинист те біздің отандасымыз. Ал кеудесіне 10 келіден артық металл бұйымдарды жабыстыра алатын магнит-әйел Орал қаласында тұрады.
Осындай ерекше тұлғалар мен үздік көрсеткіштер бір жерге жинақталды. Алматыда әр саланың үздіктері тіркелген рекордтар кітабының жаңа басылымы жарыққа шықты. Мұқағали ақынның "Мен донормын” өлеңі өмірлік ұранына айналған Александр Скаковский осы уақытқа дейін жарты тоннадан артық қан өткізген. Қазақстандағы нөмірі бірінші донор 1051 рет қан тапсырғанын айтады. 45 жыл бойы талай жанға көмегі тиген 70 жастағы қарияға көптің қошеметі де ерекше. "Мен 1971 жылдан бері қан тапсырамын. Ең алғаш босанайын деп жатқан келіншекке қан керек болып, менің қаным сәйкес келген. Менің қанымды құйып нәресте мен анасын аман алып қалды”, – дейді донор Александр Скаковский. Рекордтық көрсеткіші бар отандастарымыз қатарында спортшылар да, альпинистер де бар. Тіпті, әлемде теңдесі жоқ дәрігерлер отбасы да рекордтар кітабына енген. Алматылық Дудаевтар отбасында 28 тіс дәрігері бар екен. Ал 76 жастағы Жан ата ішкі қуаты арқылы адам сенгісіз әрекеттер жасаса, Жамали Диханұлы 6 метр биіктікте 300 өткір пышақтың үстімен жүріп өткен. "Ең үлкен жетістігім – 2014 жылы Семейдің Қалбатау өңірінде өткен Ер Жәнібектің 300 жылдық асында 300 пышақтың жүзінен 8 минут 47 секундта жүріп өттім”, – дейді этнограф Жамали Диханұлы. Отандасымызға әлемде бәсекелес жоқ екен. Рекордшы өз көрсеткішін ары қарай дамытпақ. Оған қоса, Жамали Диханұлы 15228 адамды бір уақытта "Қара жорға” биіне билеткен адам. 13 тараудан тұратын рекордтар кітабында 325 ең үздік жетістіктер жазылған.
ақпарат көзі: stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




