Жамбыл облысында келер жылы сағатына 24 МВт күн сәулесі қуатын өндіру станциясын іске қосу жоспарлануда
- author «Ақ жол»
- 8 желтоқсан, 2016
- 203
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов баяндады.
Аудан басшысы орынбасарының сөзіне сүйенсек, «ЭнергоСтройПроект» ЖШС-нің «Қарақыстақ шағын су электр станциясы» 2016 жылдың 9 айында 123,5 миллион теңгенің 8 миллион 203 мың 383 кВт/сағат (8200 МВТ) электр энергиясын өндірді. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 2017 - 2019 жылдары екі жобаны іске асыру үшін инвесторлармен жұмыс жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, электр қуатының баламалы түрін өндіруде үлкен әлемдік тәжірибесі бар белгілі Француздық «Фонрош» компаниясының қазақстандағы «Aguila Solar» ЖШС-нің сағатына 24 МВт күн сәулесі қуатын өндіру станциясын іске қосу жобасы. Жобаның жалпы құны 9,2 миллиард теңгеге бағаланған. Бұл мақсатқа 74 гектар жер телімі бөлініп, бүгінгі күні барлық жобалау құжаттары 100% әзірленген. Компания басшылығы жоба бойынша құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың ІV тоқсанында бастап, 2017 жылы толық аяқтауды жоспарлап отыр. Станция құрылысы басталғанда 50-60 адам жұмысқа тартылса, жоба толық іске қосылса, жаңадан 22 тұрақты жұмыс орнының ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Жаңатұрмыс ауылдық округі аймағында неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру зауыты кешенінің» жобасы. Кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна ет өндіру болып табылады. Жобалық құны 1 миллиард теңгеге бағаланған. Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағынан 80 га жер телімі бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін ауданда индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 7,8 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, жаңа 70 жұмыс орыны ашылды, - деп хабарлаған аудан башылығы журналистердің де сұрақтарына жауап берді.
ақпарат көзі: zhambylnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді