Мемлекет басшысының атынан қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жалпы республикалық акция шеңберінде облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» да өз тараптарынан игі істің өтуіне ұйытқы болды. Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген шара барысында орталық тарапынан «Тілашар» оқу курсын бітірген мүмкіндігі шектеулі жандардан жасақталған тыңдаушыларға сертификат тапсырылып, қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік себеттері ұсынылды. – Бүгінгі біздің қайырымдылық шарамыздың негізгі мақсаты халықтың әлеуметтік осал санаттарына Тәуелсіздік мерекесін тойлау барысында көмек пен қолдау көрсетуге негізделіп отыр. Сондай-ақ, бізде мемлекеттік тілді оқып бітірген тыңдаушыларға да сертификаттарын тапсыруды жөн деп білдік. Атап айтсақ, «Нұрбала» мүгедектер үйінің күндізгі бөлімшесіндегі психологиялық аурулар мен тірек-қимыл аппаратында ауытқулар бар 18 жастан асқан 22 қызмет алушы оқу курсын аяқтады. Оның тоғызы өзге ұлт өкілдері. Тыңдаушылар сабақ кезінде тілді үйренуге деген жоғары белсенділіктерін танытты. Халқымыздың қашаннан жомарттық пен қайырымдылыққа жаны жақын. Сол ізгі ниетпен осы тыңдаушыларға азын-аулақ сый жасап отырмыз, – деді орталық директоры Ізтұяқ Жамбыл. Сертификаттар мен сый-сияпатқа ие болған тіл үйренуші мүмкіндігі шектеулі жандар қуанышқа кенеліп, алғыстарын жаудырды.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




