Тоқсаннан асқан қария ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2016
- 753
Ақтөбе облысы Алға ауданының 93 жастағы тұрғыны ұзақ өмір сүрудің бір құпиясы бес мезгіл намаз оқуда дейді. Ұлы Отан соғысының ардагері күні кешеге дейін күніне екі рет жүгіріп, бассейнге тұрақты түрде барып келгенін айтады.
Дегенмен, қария бес мезгіл намазын тастамай келеді. «Рухани пайдасын айтпаған күнде, күніне қырық рәкәт сәждеге маңдай тигізгеннің өзі денсаулықтың мықты болуы үшін жетіп жатыр», дейді ол.«Қазір күн қысқарды. Таңертең тұрамыз, намазымызды оқимыз. Бес мезгіл намазымызды қаза қылмаймыз. Жазда күн ұзақ, таңғы төрттерде тұрып, құлшылық қыламыз. 23 жыл мешітте қызмет еттім. Қолдан келсе, дене тәрбиесімен айналысқан жөн. Әсіресе, біраз жасқа келгендер қартайдық деп отырып алмай, көбірек қимылдаса екен», — дейді қария.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




