Геннадий Головкин тағы бір рейтинг бойынша топ жарды
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2016
- 435
SecondsOut.com — бокс туралы жаңалықтар мен сұхбаттар жариялайтын әлемдік портал. Аталған рейтингте бірінші орында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0) тұр. GGG 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Дэниел Джейкобспен (32-1) кездеседі.
Екінші орынға никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО), үшінші орынға америкалық Андре Уорд (31-0) жайғасқан.
SecondsOut.com бойынша он үздік боксшылар тізімі: 1. Геннадий Головкин (36-0) 2. Роман Гонсалес (46-0) 3. Андре Уорд (31-0) 4. Сергей Ковалёв (30-1-1) 5. Василий Ломаченко (7-1) 6. Мэнни Пакьяо (59-6-2) 7. Теренс Кроуфорд (29-0) 8. Синсукэ Яманака (26-0-2) 9. Сауль Альварес (48-1-1) 10. Хуан Франсиско Эстрада (34-2).
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшыны Decisión Dividida порталы да үздік деп таныған болатын. Сондай-ақ, Геннадий Головкин маркетингтік әлеуеті басым спортшылардың ТОП-50 қатарына кіреді. Бұл тізімде Геннадий Португалия құрама командасы және Реал Мадрид клубында өнер көрсететін футболшы Криштиану Роналдудан жоғары сатыда тұр.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




