Батыс Қазақстандық самбошы халықаралық турнирде топ жарды
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2016
- 629
Батысқазақстандық Нұрымжан Ғаббасов Атырау қаласында спорттық және әскери самбодан өткен Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Самбошының ағасы Темірланның айтуынша, Сырым ауданы Жымпиты ауылында туып-өскен Нұрымжан 90 кг салмақта чемпион атанды. «Нұрымжан қазір жиырма жаста, Оралдағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті дене шынықтыру және спорт факультетінің ІV курс студенті. Биыл самбодан жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Оның алғашқы бапкері Ержан Шүкіров болса, қазір Бірлес Есенғалиев жаттықтыруда. Күні бүгін Нұрымжан Талдықорған қаласына тағы бір жарысқа кетіп бара жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Темірлан Ғаббасов.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




