Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2016
- 532
Бүгін атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, қар жауып, күндіз оңтүстікте қалың жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде аздап боран соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының жекелеген бөліктерінде көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу боран жүреді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейіп, кей жерлерде боранға ұласады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күші 15-20 м/с дейін жетеді, соңы боранға ұласуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде кей жерлерде тұман түседі, аздап боран соғады деп болжануда.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




