Қазақстанда италиялық технологиямен аяқ киім тігіле бастады
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2016
- 521
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы іске қосқан италиялық технологиямен аяқ киім тігетін жаңа өндіріс импорт алмастыруға септігін тигізбек, деп жазады «Хабар 24». Алматылық «Казлегпром» фабрикасының жұмысшылары өз өнімдерін Президентке дейін қолданатынын мақтан тұтады. Биыл кәсіпорын 300 млн теңгеге заманауи еуропалық құрылғы алған. Соның арқасында жылдық өнім көлемі 150 мыңға артқан. Бұған қоса аяқ киімнің 75 түрін шығаруға қол жеткен. Бар-жоғы 5 жылда шағын компания 450 адам жұмыс істейтін ірі фабрикаға айналды. Өндіріс көлемі жылына 1,5 млн тігін бұйымы мен 500 мың аяқ киімге жеткен. Болашақта кәсіпорын басшылары сапалы мата тоқып, былғары өндіруді жоспарлап отыр. «Италиядан мамандар алдырдық. Сондықтан біз шетелдің басқа кәсіпорындарымен бәсекелес бола аламыз деп үміттенеміз», - дейді бас инженер Өмірбек Есмағамбетов.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




