Бас прокуратурада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жиын өтті
- author «Ақ жол»
- 7 желтоқсан, 2016
- 223
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратурада прокуратура органдарың 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты іс-шараны ашқан Бас Прокурор Жақып Асанов тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары жүйесінің құрылуына тарихи шолу жасады. Қадағалау ведомствосының басшысы 25 жыл ішінде прокуратура органдары жеткен жетістіктерді атап өтті. «Прокуратураның беделі, оның әлеуметтік маңыздылығы еселеп өсті. Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының қолдауының арқасында, прокуратура мемлекеттік билік жүйесінде ерекше орын алды. Бүкіл құқық қорғау жүйесінің өзегі болып табылады»,-деді Бас прокурор. Ол сөзінде сонымен қатар, бүгінгі күні адам, оның құқықтары мен бостандықтары, азаматтардың сенімі, қоғамдық келісім, Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі прокурорлар қызметінің маңызды басымдықтарына айналғандығын атап өтті. Осынау торқалы жылда прокуратура ауқымды бастамаларды іске асыруды бастады. Бұл жұмыстар Ұлт жоспары «100 нақты қадамға» және бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған. Жақып Асанов, әрбір прокурор үшін бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталып, әріптестерін мерекемен құттықтады және прокуратура органдары алдында тұрған жауапты міндеттерді мүлтіксіз орындалуына тілектестігін білдірді. Жиында ардагерлер мен ведомствоның бірінші басшыларының сіңірген еңбегі жеке аталып, олардың мінсіз қызметі мен кәсібилігі барлық прокурорлар буыны үшін жарқын үлгі болып қала беретіндігі айтылды. «Біздің басты конституциялық міндетіміз - заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Мен 21 ғасыр прокуратурасын өмірдің барлық саласында қоғамымыздың ең тиімді, қазіргі заманға сай, сенімді серіктесі ретінде көремін», - деп сөзін қорытындылады Бас Прокурор. Кәсіби мереке құрметіне мінсіз қызметі мен өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар қызметкерлер сыныптық шендермен және ведомстволық наградалармен марапатталды. Жас қызметкерлер прокуратура органдарына, мемлекетке және Қазақстан халқына адал қызмет етуге Ант қабылдады. Салтанатты жиын прокуратура қызметкерлерінің өкілдері тарпынан дайындалған мерекелік концертпен аяқталды.
ақпарат көзі: kazinform.kzҰқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді