Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында Индустрияландыру картасы жобаларының тұсауы кесілді. Президент телекөпір режімінде еліміздің әр аумағынан іске қосуға және құрылысын бастауға жалпы саны 23 жобаға бастама берді.
Іске қосылған сол ірі жобалардың қатарында мемлекетіміздегі химия саласының алыбы саналатын «Казфосфат» ЖШС-нің экстракциялы фосфор қышқылын шығаратын өндіріс орны бар. Аталған жоба мемлекеттік индустриялдық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде салынған. Жобаның жалпы құны 9 646 000 000 теңгені құрайды.
Айта кетейік зауытта әлемнің 27 еліне экспортталатын 20 түрлі минералды тыңайтқыш түрлері өндіріледі. Енді олардың қатарында бұрын шетелден импортталатын экстракциялы фосфор қышқылы да бар.
"Ақ жол"- ақпарат"
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




