Ішкі істер министрлігіне қарасты облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасына 60 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай, басқарманың мұражайында «Генералдар тақтасы» ашылып, «Естелік кітабы» жарық көрді.
Салтанатты іс-шара «Даңқ» аллеясында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың бюстіне және қызмет бабында қайтыс болғандарға арналған Даңқ құлпытасына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жиналғандар оларды бір сәт үнсіздікпен еске алып, автоматтан үш дүркін оқ атылды. Содан кейін, қызметке жаңадан қабылданған жас полиция қызметкерлері салтанатты түрде ант берді. Аталған басқарманың Құрметті қарауылы взводының қызметкерлері атыс қаруын шебер қолдану тәсілдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Ардагерлер Генералдар аллеясына шырша көшеттерін отырғызған соң, қызмет бабында қайтыс болғандарға арналған «Естелік қабырғасына» гүл шоқтарын қойды. «Естелік қабырғасы» – қызмет бабында ерлікпен қайтыс болғандардың ерлігін дәріптеу және жас қызметкерлерге өз міндеттерін қалтқысыз орындаудың жарқын үлгісі. Мұражайда милиция генерал-майоры Өтеген Бұтақбаевқа арналған «Генерал тақтасы» да ашылды. Ал, мерейтойға орай жарық көрген «Естелік кітабының» таныстырылымы облыстық қазақ драма театрында өтті. 13 тараудан тұратын кітап мамандандырылған күзет басқармасының қалыптасу тарихы, даму кезеңдері және деректі материалдар негізінде құрастырылған. Милиция генерал-майоры Сағынжан Асыл-Кеней, Ішкі істер министрінің кеңесшісі және әділет генерал-майоры Әлімжан Ахмадин, запастағы полиция полковнигі Айдар Бұтақбаев құттықтау лебіздерін білдірді. Ардагерлерге мерекелік медальдар тапсырылған соң, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді