облыстың тарихи жәдігерлері мен табиғаты көркем өңірлерін аралап қайтты
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Джип-тур» автоэкспедициясы мереке күні жолға шықты. Он алты джип автокөлігінен құралған экспедиция Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастау алып, екі күн бойы облысымыздың тарихи және табиғаты көркем аумақтарын аралады. Атап айтсақ, автоэкспедиция бірінші күні Қарасай шатқалы, Ботамойнақ асуы, «Ақыртас» сарай кешені, Мақпал шатқалдарында болып, Қарақыстақ шатқалындағы лагерьде түнеді. Олар екінші күні Мойынқұм құмдарымен жүріп, Топағаш тоғайы, Шұқыркөл, Арғынқамалған шатқалы, Үмбет қорықтары аумақтарын басып өтіп, Тұран тоғайында жол бағыттарын түйіндеп, облыс орталығына қайтты. Шараға қатысқан жол талғамайтын көліктердің барлығының сыртына «Тәуелсіздікке – 25 жыл» деген мерекеден хабар беретін сөздер жазылғаны тіпті жарасымды. Экспедиция мүшелері саяхат барысында естелік суреттерге түсіп, ұлан-ғайыр ұлы даламыздың, өлкеміздің әсем табиғатына, тарихи қыр-сырына қанығып, әдемі әсерге бөледі.
Жанғазы ахмет, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




