«ЖАМБЫЛ ЖАУҺАРЫ» – халықтық байқауға айналды
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы аясында «Жамбыл жауһары» атты виртуалдық шығармашылық конкурс ұйымдастырдық. Байқау шартына сәйкес өлкеміздің өзгеше ерекшеліктерін, қоғамның азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыруды көксеген байқауға (живопись, графика) жанры бойынша жұмыстар қабылданды. Облыстың көрсе көз тоятын көркем табиғатын пейзаж тілінде сөйлеткен қатысушылардың жұмыстары тарихпен де тамырласып, байланысып жатыр.
Өнер додасының жоғарыда айтып өткеніміздей бір артықшылығы, әлеуметтік желі қолданушыларының белсенді қатысуымен өтті. Яғни, әр қатысушының қаламынан туған шығармаларды «В контакте» әлеуметтік желісінің қолданушылары өзінің талғам-таразысынан өткізіп, дауыс берді.
Біздер, ұйымдастырушы ретінде байқауға ұсынылған электрондық форматтағы 47 азаматтың шығармалары арасынан 23 бейнелеу өнері мен 17 фотосурет сайтқа енгізілді. Ағымдағы жылдың 7 қарашасында дауыс беру бәсекесі басталып, 20 қараша күні сағат 12.00-де түйінделді. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі белгілі болды. Енді желтоқсан айының алтыншы жұлдызында облыстық көрме залында марапаттау рәсімі өткізіледі.
Жанат Тұрлығұлова,
облыстық халық шығармашылығы
орталығы директорының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




