«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ақтөбеде Тұңғыш Президент күніне орай екі ірі кәсіпорын ашылды

Ақтөбеде Тұңғыш Президент күніне орай екі ірі кәсіпорын ашылды
ашық дереккөз
Ақтөбеде Тұңғыш Президент күніне орай екі ірі кәсіпорын ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ЖК «Бектұров» транспорттық-логистикалық орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аймақ басшысы жаңа нысанның жұмысымен танысты. Жоба құны - 1,6 млрд. теңге. «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында орталық құрылысы үшін мемлекет тарапынан 550 млн. теңге субсидия берілген. Сонымен бірге, қажетті жабдықтар алуға 270 млн. теңге берілді. Ашылған  кәсіпорын 200 адамды жұмыспен қамтиды. Бұл жоба аймақ экономикасының барлық салалары үшін маңызды және халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік-логистикалық транзиттік дәлізінің жүйесіне қызмет көрсететін жалпы кестеге енгізілді.   -        Көлік-логистикалық орталығының басты артықшылығы, оның қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы. Ақтөбе қаласында 10 мың ш.м аумақта орналасқан транспорттық-логистикалық орталық, барлық қажетті инфрақұрлыммен жабдықталған, - деп атап өтті облыс әкімі ашылу салтанатында. Сонымен қатар аймақ басшысы «Сайлан» ЖШС магни ұнтағы  және «Хромикс» пигмент-толтырғыш өндірістік цехін іске қосты. Жобаның негізгі бағыты - құрамында хром бар қалдықтарды кәдеге жарату. «Хромикс» пигмент-толтырғыш және магни ұнтағын өндіру ісінің жалпы сомасы 650 млн. теңге. Бұл өнім жасыл шыны өндірісінде, бояу өнеркәсібінде,  антикоррозиялық топырақ дайындау кезінде, эмаль, су негізді және су-эмульсиялы бояу өндірісінде қолданылады. Облыс әкімі технологиялық жағдайымен және жабдықталумен танысып жаңа өндіріс нысанын іске қосты. -Бүгін, еліміз үшін маңызды мереке қарсаңында  жылына 6 000 тонна құрамында хром бар қалдықтарын өндіретін магни ұнтағы және «Хромик» пигмен-толтырғыш цехін іске қосып отырмыз. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде 115,9 млн теңге қолдау көрсетілді. Жоба аймақтың әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, - деді Бердібек Сапарбаев.   Индира Кереева  

ақпарат көзі kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар