«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде жартылай финалда Грузияны 6:2 есебімен жеңген Қазақстан құрамасы финалға шықты деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Грузия балуандары осыған дейін Өзбекстан құрамасын 6:2 есебімен ұтқан болатын. Алайда, жартылай финалда қазақ балуандарына есе жіберіп алды. Тіпті, 100 келіден жоғары салмақтағы белдесуде Айбек Нұғымаровтың қарсыласы күресуден бас тартты. Осылайша Қазақстан құрамасы финалға шықты. Қазір жартылай финалда Моңғолия балуандары Украина балуандарымен сынға түсіп жатыр. Қай жеңгені финалда жерлестерімізбен бас жүлдені сарапқа салады.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




