Бүгін - елімізде тұңғыш Президент күні
2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында "ҚР заңына толықтыру енгізу: "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңы қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді. Нұрсұлтан Әбішұлы 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-інің президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7 пайызы дауыспен жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Назарбаевтің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Н. Әбішұлы 79,78 пайыз дауыс иеленіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар 91,5 пайыз дауыспен Н.Ә.Назарбаевті ҚР Президенті етіп қайта тағайындады. Ал 2011 жылы 3 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауында Н.Назарбаев сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын жинап, ҚР Президенті болып қайта сайланды. Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде тойланады.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді