«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильиннің жүлделерін қайтарып алды

Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильиннің жүлделерін қайтарып алды
ашық дереккөз
Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильиннің жүлделерін қайтарып алды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылыЛондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің "А" және "В" допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, "әділ спорт" қағидалары мен таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға "нөлдік төзімділік" саясатын қолдау - Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті қызметінің басты бағыты. ҚР ҰОК Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан танылған еліміздегі жалғыз ұйым, сонымен қатар Олимпиадалық Хартия мен Бүкіләлемдік допингке қарсы Кодексін танып, әлемдік допингке қарсы қозғалыстың мүшесі болып табылады.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар